Eye medicine
Eye medicine

Құрғақ көз синдромы кезінде жайлы өмірге қайта оралу үшін не істеу керек

Симптомы синдрома «сухого глаза»

«Құрғақ көз» синдромының белгілері

Құрғақ көз синдромы – бұл жай ғана көздің бетінің құрғауы емес: ол әртүрлі түрде байқалып, өмір сапасын төмендетуі мүмкін.

  • Күйдіру сезімі
  • Шаншу
  • Көзде бөгде зат бардай сезілу
  • Көздің қызаруы және жас ағу
  • Көрудің нашарлауы
  • Жарыққа жоғары сезімталдық
  • Көздің шаршауы
  • Түнгі көрудің нашарлауы
  • Көру кезіндегі жайсыздық
Симптомы синдрома «сухого глаза»

Көп жағдайда пациенттер жоғарыда аталған белгілердің пайда болуына жеткілікті түрде мән бермей, бірден дәрігерге жүгінбейді. Алайда құрғақ көз синдромы өмір сапасын айтарлықтай төмендетіп, адамның күнделікті іс-әрекетіне теріс әсер етуі мүмкін.

Емделмеген құрғақ көз синдромы жағдайдың нашарлауына және көз бетінің қабынуы мен зақымдануы сияқты басқа да ауыр зардаптарға әкелуі ықтимал.

Симптомы синдрома «сухого глаза»

Құрғақ көз синдромының даму қаупін арттыратын факторлар

Құрғақ көз синдромын тудыратын факторлар бұл аурудың белгілері сияқты алуан түрлі. Бұған күнделікті және жұмыс барысында кездесетін әртүрлі әрекеттер жатады, мысалы:

  • компьютер немесе смартфон сияқты әртүрлі экрандарды ұзақ уақыт пайдалану
  • бірнеше сағат бойы телебағдарламаларды көру
  • ұзақ оқу
  • автокөлік жүргізу
  • кондиционер немесе жылыту жүйесі бар бөлмеде ұзақ болу
Симптомы синдрома «сухого глаза»

Құрғақ көз синдромы келесі себептерден туындауы мүмкін:

  • Қартайған жас
  • Гормоналды өзгерістер (мысалы, жүктілік, менопауза немесе гормондарды алмастыру терапиясы)
  • Дәрі-дәрмектердің жанама әсері немесе көзге жасалған операциядан кейінгі асқынулар
  • Контакт линзаларын тағу
  • Аллергия
  • Иммундық жүйенің қызметінің бұзылуы
  • Мейбомий бездерінің дисфункциясы
Симптомы синдрома «сухого глаза»

Қоршаған орта жағдайлары да бұл аурудың пайда болуына және дамуына әсер етеді, мысалы: бу, темекі түтіні, жарық күн сәулесі және сквозняк.

Құрғақ көз синдромы сондай-ақ антигистаминді препараттар мен қан қысымын қалыпқа келтіретін дәрілерді қабылдағаннан кейін асқыну ретінде пайда болуы мүмкін.

Кейбір адамдарда құрғақ көз синдромының даму ықтималдығы жоғарырақ.

Симптомы синдрома «сухого глаза»

Құрғақ көз синдромының пайда болуына не әсер етеді?

Жас көз саулығын сақтауда маңызды рөл атқарады, ал сау жас қабықшасы көру өткірлігін қамтамасыз етеді. Жас қабықшасы көздің бетін ылғалдандырады, шаң мен бөгде бөлшектерді көз бетінен тазартады және көз бетін сусызданудан қорғайды.

Көздің құрғау себебін түсіну үшін жас қабықшасының құрылымын зерттеу қажет

Жас қабықшасы үш қабаттан тұрады:

  • Сыртқы липидті қабат — жастың булануын болдырмайды
  • Ортаңғы сулы қабат — қоректік заттар, тұздар және антиденелерден тұрады. Бұл қабат көз бетінің ылғалдануын қамтамасыз етеді.
  • Ішкі муцинді қабат — жасты қасаң қабықта ұстап, көз бетінің тұрақты майлануын қамтамасыз етеді.
Симптомы синдрома «сухого глаза»

«Құрғақ көз» синдромы бар науқастарда көз жасы қабықшасының құрылымы бұзылған немесе көз жасының түзілуінде ақау бар.

Бұл жағдайды түзетуге болады!

Көз жасы қабықшасының құрылымының бұзылуы «құрғақ көз» синдромының дамуына әкелуі мүмкін:

  • «Құрғақ көз» синдромы бар науқастардың 10-ының 9-ында сыртқы липидті қабат тым жұқа немесе толық қалыптаспаған. Липидтердің жетіспеушілігінен мұндай науқастарда көз жасының булануы артады. Соның салдарынан көз жасының көлемі азайып, көз қорғаныссыз қалады, бұл қасаң қабық жасушаларының зақымдануына әкелуі мүмкін.
  • Басқа науқастарда көз жасының түзілуі төмендейді, нәтижесінде көз жасы қабықшасының ортаңғы су қабаты тым жұқа болады.
Симптомы синдрома «сухого глаза»

Құрғақ көз синдромымен қалай күресуге болады?

Сіздің офтальмологыңыз жеке қажеттіліктеріңізге сәйкес ең тиімді шешімді таңдауға көмектеседі.

Жасанды көз жасы

  • Құрғақ көз синдромымен ауыратын науқастардың 9-ының 10-ында липидтер тапшылығы және/немесе көз жасының бөлінуінің төмендеуі байқалады. Сондықтан құрамында липидті наноэмульсия немесе суды ұстап тұра алатын полимерлер (мысалы, гиалурон қышқылы) бар жасанды көз жасы тамшыларын қолдану қажет.
  • Құрғақ көздің жеңіл және орташа белгілері бар науқастар үшін мұндай ем ұзақ уақыттық жеңілдік пен симптомдардың азаюын қамтамасыз етеді. Ал құрғақтықтың айқын түрінде жасанды көз жасын қабынуға қарсы еммен біріктіріп қолдану ұсынылады.

Жасанды көз жасын тұрақты қолдану құрғақ көз ауруының белгілерін айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

Симптомы синдрома «сухого глаза»

Қолайлы жасанды көз жасы ерітіндісін таңдағанда нені ескеру керек?

  • Препараттың көзде ұзақ сақталуы: жас ұзақ сақталған сайын көз бетінің майлануы жақсарады. Сулы негіздегі тамшылар жыпылықтағанда тез шайылып кетеді. Жоғары тұтқырлықтағы тамшылар да бар, бірақ олар көрудің анықтығын төмендетеді. Идеал нұсқа – айқаспалы байланысқан гиалурон қышқылы бар жасанды көз жасы, ол ұзақ уақыт әсер етіп, көрудің анықтығын сақтайды.
  • Консерванттардың болмауы: құрғақ көзбен ауыратын науқастарда көз беті зақымданған болуы мүмкін. Тітіркендіргіш әсері жоқ, консервантсыз жасанды көз жасы тамшылары – жайлы қолдану үшін ең жақсы таңдау.
  • Липидтік қабат зақымданған жағдайда: ерітінді құрамында суды толықтыратын және липидтер болатын компоненттер болуы тиіс. Су көз жасының көлемін қалпына келтіреді, ал липидтер оның булануын тежейді. Егер құрғақ көз синдромы липидтер тапшылығынан болса, тек сулы ерітінді қолдану қысқа мерзімді ғана жеңілдік береді.
Симптомы синдрома «сухого глаза»

Аурудың ауырлығына байланысты көз бетінің қалпына келуіне бірнеше ай кетуі мүмкін. Тек жасанды көз жасы тамшыларын тұрақты және ұзақ қолдану ғана аурудың симптомдарын сенімді түрде жоя алады.

Емделмеген жағдайда құрғақ көз синдромы жағдайдың нашарлауына және қасаң қабықтың (роговицаның) ауыр зақымдануына әкелуі мүмкін. Майлайтын агенттің тұрақты жетіспеушілігі көз бетінің айтарлықтай зақымдануын және қасаң қабықтың қабынуын тудыруы ықтимал.

Симптомы синдрома «сухого глаза»
  • Жасанды көз жасы тамшылары арқылы табиғи жасты толықтыру құрғақ көз синдромының симптомдарын жоюға көмектеседі, бірақ қабынуды емдемейді, сондықтан қасаң қабықтың бұзылу процесі жалғасады.
  • Қабыну процесі жас қабықтың тұрақсыздығын күшейтіп, қасаң қабықтың әрі қарай зақымдануына және қабынудың дамуына әкеледі. Бұл «порочный кругты» (шиыршық шеңберді) үзу үшін жасанды көз жасы тамшыларын қолдануды қабынуға қарсы еммен біріктіру қажет.
  • Қабынуды жоюға уақыт керек, себебі белсендірілген иммундық жасушалар ағзада шамамен үш ай бойы айналымда болады. Сондықтан құрғақ көз синдромын емдеу кезінде сабыр сақтау маңызды.
  • Құрғақ көз синдромын емдеуде қабынуға қарсы препараттардың тұтас қатары қолданылады. Олардың кейбірі тез әсер етеді және қабынуды сәтті жояды.
  • Өкінішке қарай, бұл дәрі-дәрмектер жиі елеулі жанама әсерлерге ие, сондықтан олардың қолданылуы қысқа мерзімді терапиямен шектеледі. Басқа препараттар жоғары қауіпсіздік пен төзімділікті көрсетеді және ауыр құрғақ көз синдромын ұзақ уақыт емдеуге қолданылуы мүмкін.
Симптомы синдрома «сухого глаза»

Еміңізді офтальмологпен бірге таңдаңыз

Құрғақ көз синдромымен күресуге арналған пайдалы кеңестер

Не істеу керек:

  • Қабақтың күнделікті гигиенасын сақтау — мейбомий бездерінің көз жасының липидті қабатын қалыпты ұстап тұруына көмектеседі.
  • Компьютер мониторын көз деңгейінен төмен орналастырыңыз, осылайша экранға жоғарыдан төмен қарай қарайсыз. Бұл көзді жартылай жабық күйде ұстауға мүмкіндік береді және көз жасының булануын азайтады.
  • Компьютерде жұмыс істеген кезде терезеден алысты қараңыз — бұл көз жасының көз бетіне біркелкі таралуына мүмкіндік береді.
  • Арнайы жиі жыпылықтаңыз. Бұл көз жасының булануын төмендетеді.
  • Күні бойы жеткілікті су ішіңіз. Сұйықтықты аз ішу көз бетінің құрғауына әкелуі мүмкін.
  • Белсенді қарым-қатынас жасаңыз. Күлген кезде көздің сыртқы әсерге ашық беткейі азаяды, соның арқасында көз жасының булануы төмендейді.
  • Белсенді өмір салтын ұстаныңыз. Жүйелі түрде дене жаттығуларын жасау көз денсаулығын жақсартады және көз ауруларының алдын алады.
Симптомы синдрома «сухого глаза»

Неден аулақ болу керек

  • Көзді шамадан тыс шаршатпаңыз. Теледидарды ұзақ көру, компьютерлік ойындарды ұзақ ойнау немесе ұзақ оқу ұсынылмайды.
  • Кондиционерді жиі пайдаланудан аулақ болыңыз, мысалы, көлікте. Терезені сәл ашып қойған дұрыс.
  • Тікелей ауа ағынына (мысалы, жел соққанда немесе көлік қозғалғанда) қарамаңыз.
  • Темекі шекпеңіз, алкоголь және кофеин қолданбаңыз. Бұл үш фактор ағзаның сусыздануына әкеледі және көз бетінің құрғауына ықпал етеді.
  • Стрестен аулақ болыңыз. Стресс көз бетінің құрғауына әкелетін көптеген факторларға әсер етеді, мысалы, жыпылықтау жиілігіне. Жиі жыпылықтау көз жасының булану жылдамдығын азайтады. Сондай-ақ стресс ұйқы сапасын нашарлатуы мүмкін, ал сапалы түнгі ұйқы көз жасы қабатын қалпына келтіреді және көз бетін тыныштандырады.

Дереккөздер:

1. Hovanesian JAl, Shah SS, Maloney RK. Symptoms of dry еуе and recurrent erosion syndrome after refractive surgery. J Cataract Refract Surg. 2001 Apr; 27(4): 577-84.
2. Lemp МА, Crews LA, Bron AJ, Foulks GN, Sullivan ВD. Distribution of aqueous-deficient and evaporative dry eye in а clinic-based patient cohort: а retrospective study. Cornea. 2012 Мау; 31(5): 472-8. doi:10.1097/IСО.Оb013еЗ18225415а.
3. McCulley JP1, Shine WE. Meibomian gland function and tear lipid layer. Ocul Suгf. 2003 Jul; 1(3): 97-106.
4. Report of the definition and classification subcommittee. lnternational Dry Еуе Workshop (2007). Ocul Surf. 2007; 5: 75-92.
5. Uchino М and Schaumberg DA. Dry Еуе Disease: lmpact оn Quality of Life and Vision: Curr Ophthalmol Rep.; 1(2): 51-57. doi:10.1007/s40135-013-0009-1.
6. Бржеский В.В., Егорова Г.Б., Егоров Е.А. Синдром «Сухого глаза» и заболевания глазной поверхности. Клиника, диагностика, лечение. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016.
7. Вохмяков А.В. Эволюция слезозаменителей: от солевых растворов к катионной наноэмульсии//офтальмологические ведомости,. - 2014. - Т. 7. - N 1. - С. 41-46.
8. Егоров Е.А., Басинский С.Н. Клинические лекции по офтальмологии: учебное пособие. Глава 9. - М.: ГЕОТАР-Медиа, 2007.