Окутиарз® Гидро+
Көзге кешенді күтім жасауға арналған тамшылар
0,2% айқаспалы байланысқан гиалурон қышқылы:
• кұрамында ылғалдандыру әсері күштірек және ұзаққа созылады
• көздің бетін қарқынды қалпына келтіреді
• 0,2% гиалурон қышқылының оңтайлы концентрациясы: көзде «жабысу» сезімін тудырмайды
Құрамында консерванттар жоқ
Контакт линзаларын тағу кезінде қолдануға болады
Ыңғайлы, қысқа ұшты құты
Күн соңында көздің құрғауына шағымданатын пациенттерге жарамды
Окутиарз® Гидро+ кімдерге жарамды?
Көздің құрғауы эпизодтық түрде, кешке, ұзақ визуалды жүктемеден кейін байқалатын адамдарға (компьютерлік көру синдромы)
Контакт линзаларын жаңа таға бастаған қолданушыларға
Ауасы құрғақ бөлмелерде ұзақ уақыт болатындарға (кондиционерлер мен жылыту құрылғылары әсерінен)
Кераторефракциялық және катаракта операцияларының алдында және кейінгі пациенттерге
Окутиарз® Гидро+
(қысқаша ақпарат)
Құрамы:
айқаспалы байланысқан натрий гиалуронаты, динатрий тетраборат декагидраты, бор қышқылы, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Консерванттарсыз.
Дәрі емес.
Сипаттамасы
Окутиарз® Гидро+ — консерванттарсыз ылғалдандыратын стерильді офтальмологиялық ерітінді. Құрамында айқаспалы байланысқан натрий гиалуронаты (0,2%) бар, оның әсері «құрғақ көз» синдромы белгілерін, көздегі жайсыздықты жоюға және қасаң қабықты қорғауға бағытталған.
Айқаспалы байланысқан натрий гиалуронаты ерітіндіге жоғары тұтқыр-эластикалық қасиет береді, бұл көз бетінің жоғары дәрежеде ылғалдануын және «құрғақ көз» белгілерін ұзақ уақытқа жеңілдетуді қамтамасыз етеді (ауру сезімі, күйдіру, шаншу, құм сезімі, көздің шаршауы, ауырлық, жас ағу).
Қолдану жөніндегі ұсынымдар
Окутиарз® Гидро+ көздің «құрғақ көз» синдромы белгілерін, жайсыздықты жеңілдету және қасаң қабықты қорғау үшін жас алмастырғыш ретінде ұзақ ылғалдандыруды қамтамасыз етеді.
Контакт линзаларын тағу кезінде көзді ылғалдандыру үшін де қолдануға болады.
Окутиарз® Гидро+ келесі жағдайларда пайдалы:
• күн сәулесінің ұзақ әсер етуі
• ауаны кондиционерлеу
• сандық экранға ұзақ қарау
• тазартқыш құралдармен байланыс
Сондай-ақ көзге жасалған хирургиялық операциядан кейінгі жайсыздықты жеңілдетуге көмектеседі.
Қолдану тәсілі
Көзге тамызуға арналған. Ішке қабылдауға болмайды.
Ұсынылатын дозасы: әр көзге 1-2 тамшы немесе күніне бірнеше рет, дәрігер немесе фармацевттің ұсынымына сәйкес.
Қолданар алдында қолыңызды жуыңыз және гигиена ережелерін сақтаңыз.
Флакон ұшын көз бетіне тигізбеңіз.
1.Алғашқы қолдану алдында алғашқы ашылу бақылау лентасын тартып, толығымен алыңыз.
2. Флаконды абайлап қысып, көзге 1 тамшы тамызыңыз.
3. Қолданғаннан кейін флаконды мықтап жабыңыз.
Қарсы көрсетілімдер
Препараттың кез келген құрамдас бөлігіне аллергиялық реакция немесе жоғары сезімталдық болса, қолданбаңыз.
Жағымсыз әсерлері
Көз тамшыларын қолданғандағы сияқты, препаратты тамызғаннан кейін уақытша жеңіл жайсыздық болуы мүмкін.
Сақтау шарттары
25 °C-тан аспайтын температурада сақтау.
Мұздатпаңыз. Ыстықтан, тікелей күн сәулесінен және ылғалдан қорғаңыз.
Қаптамасы зақымданған болса, қолданбаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жарамдылық мерзімі: 24 ай.
Флакон ашылғаннан кейін 90 күн ішінде қолданыңыз.
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткен соң қолданбаңыз.


